Дәрігерлер жарты жылы бар деді: актер Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Өнер
1205

Әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы журналист Жанар Канафина хабарлады. 

- Балалық шағымыздың символына айналған Қожаны сомдаған актер — Нұрлан Сегізбаев (Санжар) бүгінде ауыр сырқатпен күресіп жатыр. Оның айтуынша, дәрігерлер оған ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) ауруының 4-дәрежесі диагнозын қойған және тірі жүруге жарты жыл ғана уақыт беріп отыр, дейді журналист. 


Фото: facebook.com/zhanar.kanafina 

Қазір 75 жастағы Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек ауадай қажет. Бұл қаражат ем-дом мен өмірінің соңғы істерін аяқтау үшін керек. Журналист әзірге ақшаны қайда аудару керегін білмейтінін жеткізді. 

Жанар Қанафинаның сөзінше, бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, алайда қазіргі денсаулығына байланысты жұмыс істеуге қауқарсыз. Ол тәулігіне 14 сағат тыныс алу аппаратында отыруы керек.

- Бұл жаста қандай жұмыс болсын? Мен тек аман жүрсем деймін, дейді актер журналиске. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...