Димаш тыңдармандарын Жаңа жылмен құттықтады

видеодан алынған скрин

Өнер
1970

Димаш Құдайберген бейнежазба арқылы барша тыңдарманына жылы лебізін жеткізді, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Баршаңызды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Еліміз бен халқымыз бәле-жала, тіл-көзден аулақ болсын. Қайғы-қасірет, мұң дегенді бұдан әрмен естімейтін болайық. Алла Тағаладан келер жылы тек қана жақсылықты нәсіп ет деп тілейік. Отбасыларыңызға ырыс-несібе, табыс тілегім келеді. Денсаулықтарыңыз мықты болып, жақындарыңыз ешқашан ауырмасын. Әлемде тыныштық болып, әлемнің әрбір тұрғыны бақытты, қуанышқа толы ғұмыр кешсін.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!», - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...