Қазақконцертте Айтжан Тоқтағанның 80 жас мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке - күй-шежіре» концерті өтті

Фото: Қазақконцерт

Өнер
19

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі күйші, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтағанның 80 жас мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – күй шежіре» атты концерті өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл кеш қазақтың күй өнерін дәріптеп, ұлттық мұраны жаңаша қырынан танытатын ерекше рухани шара болды. Мерейтойлық кеште Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Ахмет Жұбанов, Төлеген Момбеков, Нұрғиса Тілендиевтің және т.б. күйлері орындалды.


Кеш барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда өнер иесінің күй өнері мен фольклорлық мұраны дамытуға қосқан зор үлесі атап өтілді. 

Сізді қазақтың қасиетті күй өнерін асқақтатып, ұлттық фольклорлық мұраны сақтау мен кеңінен насихаттауға зор үлес қосып жүрген қайраткер тұлға ретінде құрметтейміз. Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтіп, отандық мәдениеттің дамуына сіңірген еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланады, – делінген хатта. 

Іс-шарада еліміздің әр өңірінен келген Айтжан Тоқтағанның өнердегі шәкірттері, күй өнерін насихаттап жүрген танымал өнерпаздар, сондай-ақ, «Gulder» ансамблінің балеті өнер көрсетті.

Менің шағын мерейтойымды үлкен мерекеге айналдырған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шәкірттеріме шын жүректен алғысымды білдіремін. Күй өнері шарықтай берсін! Қазақ деген ұлы халық барда, домбыра мен күй өнері ешқашан ажырамайды. Күй – атадан балаға мирас болған асыл қазына, сондықтан ол уақыт өткен сайын жаңғырып, дамып отырады деп сенемін. Күйдің ескісі де, жаңасы да бар. Заманауи үлгідегі туындылардың бар екеніне көрермен осы кеште куә болды. Күй – қазақтың жаны, ұлттың абыройы, - деді А. Тоқтаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын...

Өнер

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт&raquo...