Silk Way Star жобасы келесі жылы қай елде өтетіні белгілі болды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Өнер
471

Silk Way Star жобасы биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы келісім негізінде алғаш рет іске қосылды. Келесі жылы байқауды Қытай тарапы өткізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Jibek Joly телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жобаны жеңімпаз елде өткізу туралы ұсыныстар түссе, бұл бастаманы екі тарап та қолдауға дайын.

Біз жобаны іске қосқаннан кейін Индонезия, Вьетнам, Үндістан қызығушылық танытты, бірақ биылғы маусымға қатысуға үлгермеді. Жоба 12 елдің аясында шектелмейді. Өйткені көптеген Азия мемлекеті бар. Азияда мәдени тұрғыда біріктіретін ортақ алаң жоқ. Мәселен, биыл қатыспаған Жапонияның өзі соның бір мысалы. Оларды да қоса алсақ, ел саны айтарлықтай артады. Сонымен қатар араб елдері де қызығушылық білдіріп отыр. Күні кеше финалға Кувейттің елшісі қатысты. Бұл бастамасы ғана, жобаның деңгейі алдағы жылдары өседі, — деді Еркежан Күнтуған. 

Бұдан бұрын Jibek Joly телеарнасының басқарушы директоры Silk Way Star финалын 120 млн көрермен тамашалағанын айтты.

Бұдан бөлек шара барысында қытайлық қазылар алқасының мүшесі Хун Бин биылғы жобаның мәдени мәні мен болашақ жоспарларымен бөлісті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...

ӘДЕБИЕТ

Апам екеуіміз күні бойы күй­бең­десек те, қыбыр-жыбыр тір­ші­лі­гіміз бір бітпей...