Қазақтың белгілі театр және кино актері Қайрат Кемалов қайтыс болды

Фото: Saken Teatry

Өнер
2306

69 жасқа қараған шағында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актер Қайрат Кемалов өмірден өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Актер түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді.


Шығармашылық жолында ол көрермендерге
классикадан бастап заманауи қойылымдарға дейін жүздеген рөлдерді сыйлады. Ол шеберлігі мен мамандыққа деген үлкен адалдығының арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды.

Қайрат Кемаловтың жаркын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады.

author

Қайрат Кемалов

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...