"Жаңа ғасыр" театрына кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Фото: MadeniPortal.kz коллажы

Өнер
387

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді мәдениет ошағы ресми түрде Асанәлі Әшімов театры деп аталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл шешім әйгілі актердің шығармашылық мұрасын ұлықтап, оның ұлттық театр мен кино өнеріне қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауға бағытталған. 

Асанәлі Әшімов қазақ өнерінде өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол ұзақ жылдар бойы сахна мен экранда түрлі бейнелерді сомдап, актерлік шеберлігімен танылды. Сонымен қатар режиссер, сценарист және ұстаз ретінде де ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. 

Жаңа атауға ие болған театр алдағы уақытта дәстүрлі өнер мен заманауи бағыттарды ұштастырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...