"Славян базары Витебск-2024" фестивалінде "Витебск-2024" эстрадалық әннің жас орындаушылары арасында...
Құнапия Ғазиз Өлдұлы. Моңғол қызы және «Қараторғай» әні
Фото: ҚазАқпарат
Қазақ даласы ежелден «Ұлы Жібек жолы» бойындағы өркениеттер мен мәдениеттер тоғысында әлем картасында өз орны бар байрығы өлкенің бірі екені белгілі.
«Ұлы Жібек жолы» тек сауда-саттық емес, сонымен бірге мәдени қарым-қатынастардың өзара әрекеттесудегі бір өзегі болып келгенін білеміз. Осының қазіргі заманауи жалғас іспетті биылғы 2025 жылы сарша тамыздан қарашаның аяғына дейін «Жібек жолы» бойындағы он екі елдің өнерпаздары қатысқан халыаралық «Silk Way Star» ән байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз - Моңғолия елінен келген Мишээл атты қаршадай қара қыз. Байқаудың орта шенінде моңғолдың қызы қазақтың «Қараторғай» әнін шырқады. Әнге Қазақстан атынан төрелік етуші Сәкен Майғазиев қазақта екі «Қараторғай» әні бар, біріншісі – әйгілі Ақан серінің «Қараторғай» әні, екіншісі – Үкілі Ыбырайдың «Қараторғай» әні дей келіп, «бірінші ән орындаушылық шеберлікті талап етсе, сен айтқан «Қараторғай» әні вакалдық талаптарды қажет етеді, сен қазақ халқының колоритін жоғалтпай, жақсы орындап шықтың, мен қазақтың сайын даласында шауып келе жатқан аттың дүбірін елестеткендей болдым» дей келіп, өзінің жоғары бағасын берді.
Жалпы моңғол қызының ән айтудағы өзіндік ерекшелігі бар екен. Біріншіден, қай әнді айтса да әнді өз өн бойына сіңдіріп айтады екен, екіншіден, өзіне бейтаныс тілде таза айтатын қасиетке ие екенін көрсетті. Басқа елден келген әншілердің қазақ тілінде акценттік белгілер білініп жатса, Мишээлде бұл ерекшелік байқалмады, дыбыстық вакализимде монғол тілінде дауыстылардың қысқа және созылыңқы айтылатын ерекшеліктері бар, қазақ тілінде бұл ерекшелік болмайды. Сондықтан екпінді сөздің басқы буынына түсіргенде соңғы буындағы дыбыстың түсіп қалуы немесе көмескі естілуі мүмкін еді. Ал Мишээл бұны ерекше қаперге алды ма, білмеймін, ән сөзін жоғарғы дәреже де таза алып шықты. Мысалы, әннің қайырмасында қайталана беретін «қараторғай деген сөз монғол тілінің ерекшелгіне қарай «қарторғай» деп «а» дыбысы айтылмай немесе көмескі айтылуы мүмкін еді. Ал «Қараторғай» әнінің орындалуында Мишээл ән мәтіндегі сөздерді көбін таза айтып шықты. Мишээлдің «Қараторғай» әнін орындауында тағы бір ерекшелігі, Сәкен атап айтқандай, әннің бәз қалпына таятып, ұлттық бояауын жоғалтпай айтуы үлкен жетістік болды деп айтар едім. Мишээл байқау барысында қай әнді де өзінің өн бойына сіңіріп, тамаша орындап, қазақ халқының ыстық ықыласына бөленді Ал қортынды есебінде жоғарғы ұпайдарды жинап, он екі елдің ішінен бас жүлдені алып, жеңіп шықты. Бұл жөнінде біздің алып қосарымыз жоқ.
Жалпы әнің өшпес тарихы ән әуенің сөзімен үйлесіп келіп, орындаушысын тапса ғана әнің бағы ашылады. Бұл әнді XIX аяқ шенінен бері күні бүгінге дейін орындаушылары неше буын әншілер болды. XIX ғасырдың аяқ шенініндегі Ыбырайдың өзінен бастап жиені Тайжанды айтпағанда кешегі өтіп кеткен ғасырдағы Шолпан Жанболатқызы Омарова, одан бері Жамал Омарова, Роза Бағланова, әйгілі өзбек халқының «Ялла» тобы Фарух Закировтың орындауында тіпті әуелетіп әкетті. Бүгінгі жағдайда ән Ардақ Балажановның репертуарында айтылып шырқалып келеді. Осылайша, бұл ән - күні бүгінге дейін ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құдыретті ән.
Әннің шығу тарихы жөнінде халқтың ішінде бірнеше пікір бар. Бұл әнді XIX ғасырдың орта шеніндегі сал-серілердің соңғы жалғасы Үкілі Ыбырайдың әні десе, екінші бір тарап өткен ғасырдың басында өмір сүрген Шолпан Жанболатқызына теліп, «Сырдың Қараторғайы» деп айтып келді.
Омарова Шолпан Жанболатқызы туралы деректерде 1880 жылдар шамасында Сыр өңірі Шиелі ауданына қарасты Телікөл ауылында өмірге келіп, 1923 жылы дүниеден озғанынын келтіріледі. Жасынан ән-жырға құмар жас өнерпаздың елге танылғаны 1911 жылы Ташкентте өткен Түркістан өлкесінің ақындары мен әншілерінің жиынында өнерімен дараланса керек. Сол заманда Шолпанның орындауындағы «Қараторғай» әнін әншінің аса шеберлікпен орындау ерекшелігі әншінің өз әніндей болып, әншімен бірге тұтасып кеткенге ұқсайды. Сондықтан да, бұл әнді Шолпан Жанболатқызна теліп, «Сырдың Қараторғайы» деп аталып кетсе керек. Шолпанның әнді нақышына келтіріп аса шеберлікпен орындауы 1913 жылы Романовтар әулеттінің патша тағына отырғанына 300 жыл толуына байланысты ән байқауында Шолпан «Қараторғай» әнімен «Бас бәйгені» жеңіп алыпты.
Жалпы бұл әнді Шолпан Омароваға телушілер бар оны түсінеміз, енді бір жағынан бұл ән Үкілі Ыбырайдың әні деп айдай әлемге жарияланып жүр. Ендігі жерде, толық зертеуді қозғамасақ та «Қараторғай» әнінің шығу тарихын тезис түрінде айтар болсақ, біріншіден, бұл әнің шығу тегі әйгілі Ақан серіге барып тіреледі екен. Ән авторы Ақан емес, бірақ әннің тууына себеп болған.
Қазақ даласында атақты Сағынайдың асы 1876 жылы болды. Аста қыл құйрықтының перісі Ақанның Құлагері мерт болды. Ақан жан серігі Құлагерден қапыда айрылған жан күйзелісін сәл де болса басу үшін Құлагердей болама деп ел кезіп жүріп, біреуден бесті ат беріп жүріп, көзі қарақаттай мөлдіреген қап-қара тайды сатып алады. Ол тайдың күтіміне ерекше мән беріп, жас шөптің шүйгінін, жемнің ақ сұлыдай тазасын беріп, суарғанда тап-таза, мөп-мөлдір Құлагерге арналған құдықтан ғана суарады екен. Күтімі келіскен қара тай құнан шыққанда оқтаудай жұп-жұмыр болып жылтылдап тұрады дейді.
Ақанның сол қара таймен көңілін жайлаған қуанышы тым ұзаққа бармапты. Бір уақ жора-жолдастарымен ел кезіп бір неше күн жолаушылап кеткенде, Қара тай босанып кетіп, аяқты мал жүріп отырып, сол кездегі қара шекпен жер ауып келген орыстардың егініне түсіп кетіпті. Орыстар оны ұстап алып бас көзіне аямай ұрып нәр татырмай қамап тастапты. Оқтаудай жұм-жұмыр болған құнанның қарны қабысып, қабырғасы ырсиып қу жаны ғана қалса керек. Малға жан ашыған мұжықтардың біреулері қазақ тамырларына айтып, қамалған жерінен босатып алыпты. Бұл хабар шарқ ұрып жергөктен іздеп табалмай жүрген Ақанға да хабары жетеді. Ақан келсе, құнанды аямай сабалған, бірталай күнгі аштықтан қабырғасы ырсиған, қарны қабысқан құр сүлдері қалған өзі еркелетіп өсірген Қаратайының басын көтере алмай өлгелі жатқан кезіне тап келеді. Малда болса жан серігі болған Қаратайға ұзақ қарап тұрып қалады. Қаратайды ит құсқа жегізбей жерге көміп тастауды ойлап ауыл жігіттеріне қолқа салады.
Өкініштен көкірегі қарс айрылған Ақан амалы таусылып, Қаратайды көміп тастағанан кейін үйіне қайтқан екен. Бұл жағдай Ақанға қайғының үстіне қайғы жамағандай болып ешкіммен сөлеспей бірнеше күн жатып қалса керек. Осы хабарды естіген Үкілі Ыбырай өнердегі ағасына келіп, ағасының халін білгеннен кейін, көңілін аулап біраз күн жатады. Ыбырайдың жүрген жері ойын-той қызық думанға Ақанның көңіл хошы сәлде болса жібігендей болады. Бір күні кеш құрым ауыл адамдары жиналғанда өз әндерімен қоса Ақанның біраз әндерін шырқап отырғанда, Ақан сері Ыбырайға жабырқаған көңілді әнмен жудырғысы келіп былай деген екен: «Ыбырай, сен сол Қаратайды тірілт, өмірге қайта келтір. Оған сенің құдіретің жетеді. Ол үшін Қаратайды өлеңге қос, ән шығар қазіргі жұрт, келер ұрпақ айтып жүрер. Бірақ сенің әнің Құнан ат мал күйінде болмасын. Оның әкесіндей Құлагер жайында ән бар ғой, солда жетіп жатыр. Сен Қаратайды құс болдырып, махаббат болдырып жырла» - деген екен.
Ыбырай ағасының сөзін жерге тастамай бірнеше күн ойланып, толғанып жүріп; Құс болсаң жібектен бау тағар едім....деп басталатын «Қараторғай» деген ән дүниеге келіпті.
Екіншіден, ән Көкеше жерінде халыққа түгел жайылып, торғай өңіріне дейін барғаны Торғайдан Сыр өңіріне Үкілі Ыбырайдың жиені атақты әнші бағаналы найманның серісі болған Тайжан арқылы тарайды.
Үшіншіден, әннің «Сырдың Қараторғайы» деп Шолпан Омароваға телінуінің бар себебі: жазушы А.Ханкелдиннің 1979 жылы 20-шы наурызда «Лениншіл жас» газетіндегі мақаласында Шолпанның әкесі Жанболаттың Сыр өңіріне кезінде Торғай өңірі «Қызыл жыңғыл» ауылынан барғаны айтылады (бір деректерде Шолпан Торғай өңірінде туды дегенді келтіреді). Сондықтан бұл әннің сыр өңірінде көп айтылуына байланысты «Сырдың Қараторғайы» деп аталып кетсе керек.
Төртіншіден, әннің алғаш туу кезеңі қай кезеңдерге шамалас келеді деген заңды сұрақ туындайды. Тарихи деректерде Сағынайдың асы 1876 жылы болған (кейбір деректерде 1886 жылы деп келтіреді). Бұл кезде Ақан сері 33 жаста, Үкілі Ыбырай 16 жаста болыпты. Ақанға Ыбырайдың келуі Құлагердің мерт болғанына жеті сегіз жылдай болып Ақанның көңіл хошы Қаратайға ауа бастаған кез десек, «Қараторғай» әні 1882 немесе 1883 жылдар шығарылған ән болуы мүмкін. Бұл кезде Ақанның қырықтан асқан, Ыбырай жиырмадан асқан жаста болса, өзінен бұрынғы ағаларының ән-жырларымен молырақ қаныққан, бойына әбден сіңірген кезі болса керек.
Бесіншіден, «Қараторғай» әні нақты Үкілі Ыбырайдың әні екенінің айқындалуы 1997 жылы «Жұлдыз» журналына Жантай Бекеновтің «Қараторғай» атты мақаласында Көкшетаулық Кәкен Әбділманов деген азаматтың Ыбырайдың қолынан талай дәм татқан атының дізгінін ұстаған жан екені нақты өз ауызынан естіген естелігі айғақтайды. Үкілі Ыбырайдың өзі 1930 жылдар өмірден озғанын еске алсақ, Көкше өңірінде ақының көзін көргендер өткен ғасырдың 70-80 жылдарда болғаны заңдылық құбылыс
Осылайша, бұл әннің не туралы екені немесе ішкі мазмұны әуенімен үйлесіп келетін айтулы әндердің бірі екені көрініп тұр. Енді бір жағынан, әннің туу тарихы өткен ғасырлардан сыр шертетін оқиғалар желісіне барып тіреледі. Әнді қай орындаушы болсын бойына сіңіру үшін әр сөзіне мән беріп, шығу тарихынан сәл де хабардар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жерде шетелден келген әнші әннің туу тарихын терең меңгеріп, өзінің өн бойына сіңіріп алды дей алмаймыз. Осы әнді шет елден келген орындаушыға таңдап беріп, ән қойып жүрген мамандардың ән тарихы және ішкі мазмұнынан бей хабар болуы мүмкін деп есептейміз себебі, «Қараторғай» әні айтылғанда арғы жағында фонда ұшып жүрген құстарды көрсетіп тұрды. Ән мәтіні құс жайында емес екені ән мәтінінің бірінші жолынан бастап, «Құс болсаң жібектен бау тағар едім» деп «құс емессің» деп хабарлай бастайды.
Ендігі жерде, бұл ән - қиялдан туған ән. Әннің тарихында Ақан серінің қиялын Үкілі Ыбырай орындаған немесе өнердегі ағасының айтқанын інісі екі етпей орындаған. Кезіндегі сал-серілердің бір-біріне ізет құрметтері қалай болғаны олардың тарихи сабақтастығы үзілмей келе жатқанын бұл жерде біз анық көреміз. Біз бұл әнді қиялдан туған ән дедік осы қасиетіне қарай қазақ әндері түрлі жанрға бай болып келсе де, таза қиялдан туған деген әндердің түрлері сонша көп кезікпейді. Ән негізінде Ақан серінің Үкілі Ыбырайға берген тапсырмасы ретінде жақсы көрген Қаратайын мал емес, құс болдыр, екінші жағдайда махаббат жайында болсын деген. Інісі ағасының айтқанын бұлжытпай орындаған. Әннің бірінші шумағында Қаратайды құсқа баласа, екінші шумағында пейіштің гүл жазира сарайында сайраған тотықұстай сен бір бұлбұл... деп хордың қызына теңеген қиял-ғажайып құбылыс, бұл дүниенің емес, ана дүниені бейнелеген образдық бейнені көрсетеді.
Қорыта айтқанда, бір ұлттың мәдениеті оның ішінде ән өнері алыс жақын шекарамен өлшенбей, дүниені шарлап кетуі бек мүмкін. Осы тұрғыда біз өз тарихымыз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді терең меңгеріп, шет елдіктердің алдында мүдірмей, солардың алдында еркін таныстырып тұру ұлттық мүддеміз үшін біздің парызымыз болар еді.