Алматы тауларында үш турист құтқарылды

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Туристерді құтқаруға ҚР ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару қызметінің мамандары аттанды. Топ мүшелерінің бірінде тау ауруының белгілері байқалған.

Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп, туристерге жетті. «Жастардың бірінің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілеріне шағымданды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін бүкіл топтың таулы аймақтан қауіпсіз түсуін қамтамасыз етті», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар тауға көтерілгенде өз күшін дұрыс бағалау, су ішу режимін сақтау және денсаулық жағдайын мұқият бақылау маңызды екенін еске салды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...