Алматыда шетелдік туристі алдағаны үшін такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады madeniportal.kz&nbs...
«Әйелдердің лайықты өмірі үшін». Алматыда әйелдер митингке шықты
8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда әйелдер рұқсат етілген митингке шықты. Митинг әйелдер құқықтары мен отбасылық құндылықтарға арналған, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Шеру Алматыдағы Ганди саябағында 2-сағатқа жуық уақытта өтті. Митингке 100-ге жуық адам қатысты, олардың ішінде БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар болды.
"Біздің уақытымыз келді деп ойлаймыз, біз оған лайықпыз! Билік бізге, біздің ұсынысымызға назар аударды және біз Парламент пен жаңа үкіметтің назарын аударамыз деп үміттенеміз", - деді «Рахым» әлеуметтік үйінің негізін қалаушы Б.Шерәлиева.
Шеруде ажырасқан әйелдердің мәселесі жайлы қозғалды.
«Рахым» әлеуметтік үйінің негізін қалаушы Бибінұр Шерәлиева табысына қарамай ең төменгі жалақының пайызына тең алимент төлеу әділетсіздік. Алименттерді тағайындау тәртібі және алименттерді төлеу шарттары жалпы осы мәселеге қатысты заң жобасына түзету енгізілуі қажет деп санайды.
Фото: Әлихан Сариев