«Саран» шахтасында кенші қаза тапты

Оқиға
2575

Наурыздың 12-сі күні түнде Қарметке қарасты «Саран» шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Саран» шахтасында монтаждау жұмысында арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды. Ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен, - деді компанияның баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Қармет оқиғасын тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

2021 жылдан бері шахталардағы қайғылы оқиғалардың 95 %-на жарылыстар мен өрттер, газ-динамикалық құбылыстар себеп болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...