Алматы облысында атыс болды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
3686

Желіде Қонаев қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тарады – бір жігіт қаза болған. Бұл туралы madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап хабарлайды

 Арна мәліметінше, атыс салдарынан 2003 жылы туған жас жігіт көз жұмған, тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Алматы облысының полиция департаменті бұл жайтқа түсінік беріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деп күдіктілерді ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда және облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...