Мешіттегі әйелдің әрекеттері камераға түсіп қалған

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Оқиға
2466

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады. Күдіктінің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сол жақ жағалаудағы мешітке келген. Шыға берісте аяқ киімдер сөресінде тұрған әйелдер кроссовкасына көзі түскен қаскүнем, қолайлы сәтті пайдаланып оны білдіртпей сөмкесіне салып алып кеткен. Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді», - делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...