Ер адам сотта қолын кесіп тастады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
2470

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.  

"Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

"Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...