Ақтауда жол бойында көлік өртенді

Оқиға
2690

Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

lada.kz-тің хабарлауынша, оқиға бүгін, 8 наурызда шамамен сағат 13:50-де болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барды. Өрт сөндірілді.