Балабақшадағы улану: қылмыстық іс қозғалды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
812

Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Оқиға Келес ауданында болған. Ал полиция іс қозғап жатыр.

Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайын Түркістан облысы білім басқармасына назарына алғанын хабарлайды. 24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11.00-лер шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 бала астан уланған.

"Бөбекжай-балабақша қызметкерлері  дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсетілген. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлайды басқарма. 

Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...