Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот баста...
Қаралы күн: Черногориядағы атыстан 12 адам қаза тапты
Фото: Rusmin Radic/Anadolu/picture alliance
2177
Атыс сәрсенбі күні кешке Цетиндегі кафеде басталған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Черногорияның қоғамдық телеарнасы RTCG мәліметінше, атыс алдымен дәмханада басталып, басқа жерде жалғасқан.
Vijesti басылымының жазуынша, қару алып шыққан Ацо Мартинович Цетина маңындағы үйінің жанындағы полиция оны қоршап алғаннан кейін өзін-өзі өлтірмек болған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Қайтыс болғандардың арасында екі бала, сондай-ақ шабуылдаушының бірнеше отбасы мүшелері бар. Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Мартинович кафеде болған дау-дамайдан кейін атыс бастаған.
Черногория үкіметі үш тәулік қаралы күнді жариялады.