Шымкент тұрғыны бойжеткенді алып қашып, 20 жастағы қыз тұрмысқа шығуға келіспеген соң зорлады деген...
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық жұмсаған ер адам сотталды
Видеодан скрин
1866
Жоғарғы соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірді деп айыпталған Дәкебаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта келтірілген мәлімет бойынша, 27 қаңтарда сағат 00:05 шамасында Дәкебаев қоқыс шығарған кезде үйдің кіреберісінде қоқыс жәшіктеріне баратын жолын бөгеп тұрған жедел жәрдем көлігін көрген. "Содан кейін Дәкебаев заңсыз әрекеттерді жасауға елеулі себеп болмаса да қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, көрсетілген көліктің жүргізушісіне қатысты балағат сөздер айтып, тар жерде кетіп бара жатып, көлікті итеріп, қоқыс жәшіктеріне қарай өткен.