Ақтөбеде белгісіз біреулер қорада бірнеше адамды кепілдікте ұстап отыр

видеодан алынған скрин

Оқиға
2478

Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz buginmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Желідегілердің айтуынша, оқиға Рысқұлбеков көшесіндегі үйлердің бірінде болып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер бірнеше адамды қорада кепілдікте ұстап отыр. aktobe_live паблигі таратқан видеода оқиғаның жер үйде болып жатқаны байқалады.

Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер келген. Үйге жақын маңды құқық қорғау органдары қоршауға алды.

Құзырлы органдардан оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат түскен жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...