Мектеп оқулығында жұлдыздардың суреті пайда болды

ӨСЕК-АЯҢ
3096

Ғаламтор кеңістігінде бірқатар отандық жұлдыздардың 11 сынып оқушыларына арналған кітаптардың мұқабасына шыққан суреті тарап кетті. Мектеп оқулықтарының сыртына шыққан жұлдыздар қатарында Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Тәуекел Мүсілім мен Әбдіжаппар Әлқолжа бар деп хабарлайды "Мәдениет порталы" KAZ.NUR.KZ. ке сілтеме жасап. 

Желіде тарап кеткен суретке сәйкес, «Қазақ тілі» оқулығының сыртында Төреғали Төреәлі бейнеленсе, «Геометрия» мұқабасында Ерке Есмахан тұр. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихында» Әбдіжаппар Әлқожа, «Ағылшын тілі» оқулығында Тәуекел Мүсілім бой көрсеткен. 

Бұл «жұлдызды оқулықтардың» суретімен Instagram парақшасында Төреғали Төреәлі бөлісті. Ол өзі бейнеленген «Қазақ тілі» кітабының мұқабасын жариялап, «құтты болсын ағайын» деп оқырмандарынан сүйінші сұраған. 

Оған қоса, өнер иесі өзге әріптестерінің суреті қойылған кітаптарды да желіге жүктеп жіберді. Отандық әртістердің мектеп оқулығына шығуы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі бұл жайтты қолдап жатса, енді бірі оны үлкен қателікке балады. 

Ал кейбір оқырмандар аталмыш суреттердің фотошоптың арқасында жасалғанына кәміл сенімді екенін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып Құндыз бен Назгүлдің жағдайын біліп қай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп...