Пиджакты 1 миллионға сатып алды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ӨСЕК-АЯҢ
1142

Белгілі кәсіпкер, меценат Тұрсен Алагөзов отандық сән көрсетілімінде құны бір миллион теңге тұратын пиджакты сатып алды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Бизнесмен отандық сән үйінің жабық көрсетіліміне қатысып, гардеробын жаңа киіммен толықтырды. 

Бұл туралы "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш жеке парақшасында хабарлады. Әнші Алагөзов сатып алған киімге өз үлесін қосқанын айтты.

"Пиджакқа фантазиямызды салдық. Менікі өз атымды қалдыруға ғана жетті. Пиджакты аукционға қойды. Тұрсен мырза 1 миллионға сатып алды", – деп жазды әнші.  

Айта кетейік, жақында бизнесмен Шымкент сыра зауытының директоры болып тағайындалған еді. 

“Біз Шымкент сыра зауытын Төлешовтен сатып алған жоқпыз. Мен оны жеке танымаймын. Біз кәсіпорынды өте аянышты күйінде алдық. Кәсіпорын мүшкіл хәлде тұр. Зауытта мен қандай жағдай болғанын білмеймін, бірақ лицензиялары жоғалып кеткен. Соның кесірінен өндіріс тоқтап қалған. Екі жылда сауда нүктелерінде өнім болмағандықтан, бизнес құлдырады. Бізге жүктелген міндет – қайта құрумен қарқынды айналысу”, – деген болатын бизнесмен. 

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...