Адамдар асфальттың астына түсіп кетіп, күйіп қалған

Фото: Pixabay

PESTEL
1151

Орынбор қаласында екі адам асфальттың астына түсіп кетіп, күйіп қалды. Оқиға 30 қаңтар күні Монтажников көшесіндегі №76 үйдің маңында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевтің айтуынша, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Адамдар күйік алып, қазір ауруханаға жатқызылды», – деді Солнцев, жағдайды жеке бақылауына алғанын атап өтіп.

Прокуратура өкілдері жол жамылғысының бір бөлігі опырылып түскенін нақтылады. Қадағалау органы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне құқықтық баға бермек.

Тергеушілер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету туралы бап бойынша (РФ ҚК 238-бабы) қылмыстық іс қозғады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды, деп хабарлайды MadeniPo...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы жайма-шуақ ауа райы туралы...