“Шашын қырып, денесін бөлшектеген”: Ер адам түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп кеткен

Фото: Pixabay

PESTEL
181

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін пойызбен басқа қалаға жіберген. Қылмысқа ер адамның әйелі де қатысқан деген күдік бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға тамыз айының басында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы Хаят Ниши 22 жастағы Маник Уддин Ласкардан жүкті болған. Әйел түсік жасатудан бас тартып, ер адамнан өзіне үйленуін талап еткен. 

Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туып, Ласкар әйелді өлтірген. Кейін ол әйелі Бхагавати Маджимен бірге мәйітті бөлшектеген.

Тергеу дерегінше, ер адам әйелдің шашын да қырып тастаған. Мұны оның кім екенін анықтауды қиындату үшін жасаған болуы мүмкін.

Мәйіттің бір бөлігі салынған чемодан 5 тамызда Агра-Кантонмент станциясында пойыздың жалпы вагонынан табылған. Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен ұялы телефон деректерін зерттеу арқылы күдіктілердің ізіне түскен.

Кейін Ласкар мен оның әйелі Манипур штатында ұсталып, Гудуванчери қаласына жеткізілген.

Тергеушілердің болжамынша, әйел жалдамалы үйінде өлтірілген. Полиция сол жерден оның денесінің басқа да бөліктерін тапқан.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласында отбасылық жанжалдан кейін ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, салдарынан әйел...

PESTEL

Дагестанда жолмен келе жатқан жүргізушілер күтпеген жағдайға куә болды, деп хабарлады MadeniPortal.k...