Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Фото: perak.sinchew.com

PESTEL
2155

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Malim.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, өрт сейсенбіде кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ штатындағы Лонхуа округінде тұтанған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған.

"Өрт шамамен сағат 23:00-де сөндірілді. Сәрсенбіде таңғы сағат 3.00-тегі жағдай бойынша 20 адамның қаза болғаны расталды. Қалған 19 адам медициналық бақылаудан өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір қарттар үйіне жауапты тұлға полиция бақылауына алынды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жалғасып жатыр. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...