Маңғыстау облысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұсталд...
Көшеде көліктердің арасымен жүгірген құс полицейлерді әбігерге салды
Фото: видеодан скриншот
Италияда алып құс қала көшесінде көліктердің арасымен жүгіріп, полицияны әбігерге салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Milano Pavia News мәліметінше, Виджевано қаласында алып эму құсы көліктердің арасымен жүгіріп, жұрттың назарын аударды. Оны алдымен Ла-Мармора көпірінен, кейін мектептер орналасқан көшеден байқаған. Ал оны ұстау полицейлерге оңай болмаған.
Эму - Австралияда мекендейтін, түйеқұсқа ұқсас ірі құс. Ол әлемдегі ең биік құстардың бірі, түйеқұстан кейін екінші орында. Эму сағатына 48 шақырымға дейін жүгіреді.
Сондықтан оны ұстауға полиция, тәртіп сақшылары мен ветеринарлық инспекторлар жұмылдырылды.
Ақыры құсты түске қарай Каскаме ауданында қолға түсірді. Қазір ол жақын маңдағы фермада. Әкімдік иесін іздеп жатыр. Егер иесі табылмаса, құс арнайы орынға жеткізіледі.