Аптап ыстықтан Эйфель мұнарасы жабылды

Фото: Pixabay

PESTEL
108

Францияда аптап ыстықтың күшеюіне байланысты Париждің басты символы – Эйфель мұнарасы уақытша ерте жабылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қауіпсіздік мақсатында мұнара бірнеше күн қатарынан әдеттегіден ерте жабылып, мыңдаған туристің жоспары бұзылды. Мұнара әкімшілігінің мәліметінше, 23-26 маусым аралығында нысан жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жабылады. Баспалдақпен көтерілуге арналған соңғы кіру уақыты – 12:15, ал лифт арқылы кіру 12:30-ға дейін ғана рұқсат етілді. Алдын ала билет сатып алған, бірақ кіре алмаған келушілердің қаражаты автоматты түрде қайтарылады. 

Францияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40-44°C-қа дейін көтеріліп, ондаған департаментте ең жоғары – қызыл деңгейдегі қауіп жарияланды. Билік тұрғындар мен туристерге күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға, көбірек су ішуге және тікелей күн сәулесінен сақтануға кеңес берді.

Аптап ыстық салдарынан Париждегі әйгілі Лувр музейі де жұмыс уақытын қысқартты. Музей басшылығы тарихи ғимараттың қазіргі климаттық өзгерістерге толық бейімделмегенін айтып, келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін бірінші орынға қойғанын мәлімдеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция бөлімінің аға детективі Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты жаңа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 маусымда Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Гагарин көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысын...