Биыл мектеп табалдырығын аттаған оқушылар қыста қосымша демалады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ел...
"Кешірілмейтін әрі ауыр әскери қылмыс": Иран АҚШ-ты айыптады
Фото: Abbas Zakeri/Mehr News Agency via AP
Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бекаи 28 ақпанда Минаб қаласындағы бастауыш мектепке жасалған шабуылды кешірілмейтін әрі ауыр әскери қылмыс деп атап, оған жауаптылар міндетті түрде жазалануы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.
2026 жылғы 28 ақпанда Минаб қаласында америкалық Tomahawk зымыранының қосарланған соққысы салдарынан 168 ирандық кішкентай періште қаза тапты. Бұл – кешірілмейтін әрі аса ауыр әскери қылмыс, – делінген Бекаидің америкалық X компаниясының әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында.
Иран өкілі кінәлілер жазасыз қалмауы керек екенін де ерекше атап өтті.
Бұған дейін Иранның мемлекеттік телеарнасы 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Хормозган провинциясының Минаб қаласындағы «Шаджарат ат-Таййиба» қыздарға арналған бастауыш мектебіне соққы жасағанын хабарлаған болатын. Шабуыл салдарынан балалар мен олардың мұғалімдерін қоса алғанда 185 адам көз жұмды.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл соққыны АҚШ жасады деген ақпараттарға қатысты пікір білдіріп: «Мен көрген деректерге қарағанда, бұл шабуылды Иранның өзі жасаған. Олардың оқ-дәрілерінің дәлдігі мүлде жоқ» деген.
Tomahawk зымырандары қолданылды деген мәлімдемелерден кейін Трамп тағы да: «Иранның да Tomahawk секілді кейбір зымырандары бар», – деп айтқан.
Кеше жарияланған америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарында жалғасып жатқан әскери тергеудің алдын ала нәтижелері соққыны АҚШ армиясы жасаған болуы мүмкін екенін көрсететіні айтылды.