АҚШ Иранның екі провинциясына соққы жасады

Фото: Pixabay

PESTEL
410

Иран билігі АҚШ-тың елдің оңтүстігіндегі өңірлерге жаңа соққылар жасағанын мәлімдеді. Жергілікті ресми тұлғалардың хабарлауынша, шабуылдар Бушер және Хормозган провинцияларында тіркелген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Al Jazeera мәліметінше, Бушер провинциясы әкімшілігі басшысының саяси және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Эхсан Джаханиян америкалық әскерилер Дашти уезіндегі ауданға, сондай-ақ Чогхадак қаласына соққы жасағанын хабарлады.

Оның айтуынша, Бушер провинциясындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар Хормозган провинциясының өкілі Ахмад Моради Tasnim агенттігіне соңғы екі түнде АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған соққыларынан кемінде жеті адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Оқиғаның басқа мән-жайы әзірге хабарланған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Макинск қаласында Mercedes-Benz автокөлігі 8 жастағы қызды қағып кетті. Бала алған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  білім беру ісінің үздігі, профессор,  әнші-композ...