22 тамызда Путин мен Зеленский кездесуі мүмкін

Фото: aa.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1528

Дональд Трамп Украинадағы соғысты аяқтау мәселесіне арналған үшжақты кездесуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Америкалық Axios басылымының екі дереккөзге сүйеніп жазуынша, Трамп “Ресей – АҚШ – Украина” форматындағы саммитті 22 тамызда өткізуді көздеп отыр.

– Екі дереккөздің айтуынша, Трамп Зеленскийге және телефон әңгімесіне қатысқан өзге тараптарға үшжақты саммитті тез арада, яғни 22 тамызда өткізгісі келетінін жеткізген, – деп жазды Axios.

Сонымен бірге Владимир Путиннің Украина президентімен кездесуге жария түрде уәде бермегені айтылды.