Уақыты белгісіз: Хаменейдің жерлеу рәсімі кейінге қалдырылды

Фото: AFP via Getty Images

PESTEL
119

Хаменейдің жерлеу рәсімі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Иран мұны логистикалық қиындықтармен түсіндірді, бірақ себеп Израильдің мәлімдемесінде болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің мемлекеттік жерлеу рәсімі сәрсенбі кешіне жоспарланғанымен, белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Қаралы рәсімдер үш күнге созылуы тиіс еді. Таңертең әлеуметтік желілерде барлық дайындық аяқталғанын көрсететін фотосуреттер де тараған. Алайда ұйымдастырушылар күтпеген жерден рәсім қажетті инфрақұрылым толық дайын болғанша кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі ресми тұлғаларға сілтеме жасап, кешігуге логистикалық мәселелер себеп болғанын хабарлады. Атап айтқанда, Хаменеймен қоштасу үшін елдің әртүрлі провинцияларынан келетін мыңдаған адам сәрсенбіге дейін Тегеранға жетіп үлгермей жатқан көрінеді.

Дегенмен сарапшылардың пікірінше, рәсімнің кейінге шегерілуі Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацтың мәлімдемесіне байланысты болуы мүмкін.

Ол сәрсенбі күні жаңа жоғарғы көшбасшы болып сайланатын кез келген адамды жоюға дайын екенін ескерткен.

"Иранның террорлық режимі Израильді жою жоспарын жалғастыру үшін, АҚШ-қа, еркін әлемге және аймақ елдеріне қауіп төндіру үшін, сондай-ақ иран халқын басып-жаншу үшін таңдаған кез келген көшбасшы – оның аты мен жасырынған жеріне қарамастан жойылатын нысанаға айналады", – деп жазды Кац X әлеуметтік желісінде. 

MADENI TV

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған байыту фабрикасының ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда р...

MADENI TV

Алматы қаласында «Жасанды интеллект жылы» аясында «Jas Stars» атты ауқымды ж...