АҚШ пен Иран екі апталық атысты тоқтату туралы келісті

Фото: Pixabay

PESTEL
361

АҚШ пен Иран екі апталық атысты тоқтату туралы келісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Трамп тараптар қақтығыста екі аптаға үзіліс жасауға келіскенін мәлімдеді. Осы кезеңде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік береді. 

Америка басшысы сондай-ақ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққыларды екі аптаға шегеретінін айтты. Осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болады. 

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел «үлкен жеңіске жетті» және АҚШ-ты 10 тармақтан тұратын жоспарды қабылдауға мәжбүр етті деп мәлімдеді. Олардың нұсқасы бойынша, Вашингтон мыналарды талқылауға келісті: 

Ормуз бұғазына Иранның бақылауын сақтап қалу

өтемақы төлеу

Иранға қарсы санкцияларды алып тастау

Иран тарапынан уранды байытуды жалғастыру

АҚШ әскерін Таяу Шығыстан шығару 

CNN деректеріне сәйкес, бітімге Израиль де қосылуы мүмкін. Келіссөздер 10 сәуірде Исламабадта өтеді, деп хабарлайды Axios. 

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі күйеубаласы жайлы жазба жариялады, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сейсенбі, 26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында ауқымды іздестіру шаралары барысында Қаратал өзе...