Ауыл мешітінде намаз оқып жатқан 44 адам көз жұмды

Фото: Шедеврум

PESTEL
4406

Нигер республикасының үкіметі Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны – 44 адам, олардың барлығы бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар 13 адам жарақат алды», – деп мәлімдеді Télé Sahel өкілдері.

Қолда бар ақпарат бойынша, бұл қылмысты Үлкен Сахара исламдық мемлекеті содырлары жасаған. Олар Мали Республикасымен шекаралас аумақта лаңкестік әрекеттер жүргізіп келген.

Ел басшылығы бұл шабуылға кінәлілердің жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді. 

«Лаңкестер де, олардың демеушілері де тиісті жазасын алады», – делінген ресми хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...