Расизмге қатысты айыптаулардан кейін сұлулық байқауының жеңімпазы “Мисс” атағынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
602

«Финляндия аруы-2025» атағын иеленген Сара Дзафче тәжінен айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты Интерфакс Yle порталына сілтеме жасап таратты.

Жеңімпаз атағы бірінші вице-мисс Тара Лехтоненге берілді, ол баспасөз конференциясында ресми түрде мәлімделді, - деп жазды басылым.

Дзафчеге қатысты сын Jodel мессенджерінде тараған фотодан кейін күшейген. Суретте ол саусақтарымен көзін төмен тартып көрсетеді, ал астында «Қытайлықпен тамақтанып отырмын» деген жазу болған.

Бұл әрекет азиялықтарға мазақ ету ретінде қабылданған.

«Финляндия аруы» ұйымы кез келген формадағы расизм мен кемсітушілікті қабылдамайтынын мәлімдеді. Олар халықтан кешірім сұрап, өз жұмысы құрмет, теңдік, жауапкершілік және адами қадір-қасиет қағидаттарына негізделетінін атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста 4,1 млн теңге ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тергеу барыс...