Әйел жаңа туған қыз баланы аурухананың дәретханасында унитазға ағызып жіберген

Фото: Pixabay

PESTEL
384

Үндістанның орталық бөлігіндегі Парасия қаласындағы мемлекеттік ауруханада дәретханадан жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 15 желтоқсан күні кешке болған. Тазалық қызметкері кезекті тазалау жұмыстары кезінде унитаздың суы ақпай тұрғанын байқап, тексеру барысында жаңа туған сәбиге тиесілі белгі анықталған. Мәйітті толық шығару үшін медицина қызметкерлеріне санитарлық жабдықты бөлшектеуге тура келген.

«Қыз баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Алдын ала қорытынды бойынша, өлім себебі өкпенің ісінуі болған. Полиция оқиға болған күні ауруханада жоспарлы тексеруден өту үшін 15 жүкті әйел болғанын анықтады. Олардың 14-і сұралды, ал бір науқастың деректері толық емес және оның жеке басы қосымша тексеруді қажет етеді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары медициналық мекемеде орнатылған 26 бейнебақылау камерасының жазбаларын зерттеп жатыр. Тергеу жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...