Бес жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамға халық өз бетінше жаза қолданды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
1053

Бала Австралиядағы Алис-Спрингс қаласының шетінде демалыс күндері жоғалып кеткен. Бірнеше күндік іздестіру жұмыстарынан кейін оның мәйіті бұталардың арасынан табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Reuters агентітгінің жазуынша, Солтүстік аумақ полициясының комиссары Мартин Доулдың айтуынша, 47 жастағы Джефферсон Льюис жергілікті лагерьлердің біріне өзі келген. Полиция оны қызды ұрлау және өлтіру ісіне қатысы бар деп күдіктеніп отыр.

«Ол лагерьге келген кезде, тұрғындар өз бетінше жаза қолдануға шешім қабылдады», – деді Доул.

Жергілікті тұрғындар күдіктіні есінен танғанша ұрып-соққан. Кейін Льюисті жеткізген аурухана маңына шамамен 400 адам жиналды. Сол жерде полициямен және жедел қызмет өкілдерімен қақтығыс басталды. Наразылар түрлі заттар лақтырып, техниканы өртеп, полиция көліктерін, жедел жәрдем және өрт сөндіру машиналарын бүлдірген.

Бірнеше қызметкер жарақат алды. Полиция халықты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Премьер-министр Энтони Альбанезе, полиция және қыздың отбасы тұрғындарды сабырға шақырды. Билік қалаға қосымша полиция күштерін жіберіп, алкоголь сатуға уақытша шектеу енгізді.  

Шоу-бизнес

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы т...