Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екікүндік мемлекеттік сапарын ҚКП ОК Саяси...
Бастауыш мектепте атыс болды: төрт адам көз жұмып, екеуі ауыр жараланды
видеодан алынған скрин
АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте қарулы шабуыл жасалып, үш бала мен бір мұғалім қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
CBS News мәліметінше, қайғылы оқиға Орегон штатының Бенд қаласындағы бастауыш мектепте болған.
Қала полициясының бастығы Майк Кранцтың айтуынша, қаза тапқан балалар 5, 8 және 11 жаста болған. Сондай-ақ шабуыл салдарынан бір мұғалім көз жұмған. Ал 7 жастағы оқушы мен 54 жастағы педагог ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қарулы адам мектеп ғимаратына құлыптаулы есіктерге оқ атып кірген. Төтенше жағдайлар қызметіне мектептегі атыс туралы ондаған қоңырау түскен.
Полиция алғашқы хабарламадан кейін үш минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда тәртіп сақшылары келгенше күдіктіні оқиға куәгерлерінің бірі атып өлтірген.
«Жергілікті тұрғын күдіктінің мектепке кіргенін көріп, соңынан ерген. Кейін екеуінің арасында қақтығыс болып, куәгер шабуыл жасаушыны атып тастаған», – деді полиция бастығы Майк Кранц.
Орегон губернаторы Тина Котек қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға әрекеттенген куәгердің батылдығын атап өтті.
«Бүгін Орегон тұрғындары бұл қайғыға ортақтасып отыр. Бұл – сұмдық күн. Ешбір ата-ана мұндай қасіретті бастан кешірмеуі тиіс», – деді губернатор.
Қазіргі уақытта шабуыл жасаушының мектеппен қандай байланысы болғаны және қылмысқа не себеп болғаны анықталып жатыр. АҚШ Федералдық тергеу бюросы жергілікті полицияға тергеу жүргізуге көмектесуде.
🚨 TRAGIC: MASS SHOOTING AT AN ELEMENTARY SCHOOL IN OREGON, USA 🇺🇸 Three children, aged 5, 8 and 11, and a teacher were killed in a shooting at an elementary school in Bend, Oregon. Two others — a 7-year-old child and a 54-year-old teacher — are in critical condition. An armed bystander carrying a concealed weapon confronted the 16-year-old gunman and stopped the attack, preventing further loss of life. Nation salutes the hero! https://t.co/rQx3dBvoD5
— Megh Updates 🚨™ (@MeghUpdates) October 16, 2026