Су тасқынынан 130-ға жуық адам қаза тапты

Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

ЖАҢАЛЫҚТАР
1444

Техастың Керр округінің өзінде ғана су тасқыны 103 адамның өмірін жалмады, олардың 36-сы – балалар, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Көптеген адамдар әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында.

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан астам уақыт өткен соң, 12 шілде, сенбі күні, жергілікті билік өкілдері табиғи апат салдарынан кемінде 129 адамның қаза тапқанын хабарлады. Тағы 166 адам іздестіріліп жатыр. Қайтыс болғандардың басым бөлігі – ең көп зардап шеккен Керр округінен.

Сол арада метеорологиялық қызмет 13 шілде кешіне дейін жаңа нөсер жауындар болуы мүмкін екенін ескертіп, су тасқыны қаупі сақталып отырғанын мәлімдеді.

Ал 11 шілде күні The Washington Post басылымы Техастың Керр округі билігі апат кезінде қолында бар, алыс қашықтыққа қауіп туралы ескерту тарататын жүйені іске қоспағанын жазды. Бұл жүйе ұялы телефондарға діріл мен қатты дыбыс арқылы ескерту жасай алады. Оның орнына билік SMS-хабарламалар жіберген, бірақ тек арнайы қызметке тіркелген пайдаланушыларға ғана ескерту жеткен. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...