Таиландтың оңтүстігінде қарулы топ 11 жанармай бекетін жарып жіберді

Фото: baq.kz

PESTEL
1455

Таиландтың оңтүстігінде қаруланған топ жарылғыш құрылғыларды іске қосып, PTT мұнай-газ компаниясына тиесілі 11 жанармай құю бекетінде өрт қойған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы One 31 телеарнасы мәлімдеді.

Үйлестірілген жарылыстар мен өрт қою оқиғалары 11 қаңтар күні Наратхиват, Паттани және Яла провинцияларында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір полиция қызметкері жарақат алған. Құтқару және жедел қызметтер шабуыл салдарын жоюға кіріссе, қауіпсіздік күштері күшейтілген дайындық режиміне көшірілген. Жергілікті билік органдары болған оқиғаларға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...