Тасжолда жанармай таситын көлік жарылып, 31 адам қаза тапты

ЖИ

PESTEL
19

Мысыр астанасы Каир маңындағы айналма тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Бензин тасымалдайтын жүк көлігінің апатқа ұшырап, өртенуі салдарынан 31 адам қаза тауып, тағы 26 адам жарақат алды. Бұл туралы  MadeniPortal.kz Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметін жариялаған MENA мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 25 қарашада Гиза провинциясының Эль-Варрак ауданында болған. Жеңіл автокөлікпен соқтығысқан бензин тасымалдаушы жүк көлігі аударылып, өртенген. Жалын маңайдағы басқа көліктерге де тез тараған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 27 автокөлік пен мотоцикл жанып кеткен.

Оқиға орнына 39 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер бірнеше медициналық мекемеге жеткізілді.

26 қарашадағы мәлімет бойынша, жарақат алған бес адам ауруханадан шығарылған, тағы 21 адам ем қабылдап жатыр. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізілуде.

Мысыр прокуратурасы жол апатына қатысы бар деген күдікпен жеңіл автокөлік жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, ер адам жылдамдықты шамадан тыс арттырып, бензин тасымалдайтын көлікпен соқтығысқан.

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Өнер

Алыстағы Перуде бүлдіршінге қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне есімі қойылған. Балақай анас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап, өліміне себеп болған бұрынғы полиция қызметкері...