«Бір-бірімізді сүйеміз»: 47 жастағы әйел болашақ күйеу баласынан жүкті болып қалған

Фото: ЖИ

PESTEL
1084

Түркияда күллі жұртты дүр сілкіндірген жағдай болды. 21 жастағы Жұма Доға есімді жігіт сөз байласқан қалыңдығының анасы Есра Еролмен көңіл жарастырған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталыне сілтеме жасап. 

Көңіл жарастырып қана қоймай, 47 жастағы Есра мен Жұманың жақында сәбиі болады деп күтілуде.

Болашақ күйеуі мен шешесінің арасындағы арсыз байланысты қалыңдық Ділек байқап қойып, Түркиядағы шулы бағдарламаға арнайы хабарласып айтады.

“Қос ғашық” бәрін тастап қашпақ болып жоспарлағандарын әлгі бағдарламаға келгенде ашық айтады. 21 жасар жігіт пен 47 жастағы әйелдің алға тартқан бас сылтауы – “бір бірімізді сүйеміз” болды.

Өкінішке қарай, Түркия заңы мұндай сүйіспеншілікке, махаббатқа түсіністікпен қарай қоймады. Қос ғашықты студияда отырған жерінен полиция тұтқындап алып кетті.

Өзгелерге арсыздық үлгісін көрсететін бұл “ғашықтық байланысты” заң аясында қарастырып, бұл тірлікке сот нүкте қоймақ. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...