Енді 140 литрден көп су тұтынсаңыз құнын 30%-ға көп төлейсіз

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1490

13 қыркүйектен бастап елімізде әрбір азаматқа тәулігіне 140 литр су нормасы белгіленеді. Егер осы көлемнен артық пайдаланылса, артық шығын 30 пайызға қымбат тарифпен есептеледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Экология министрлігі бұл қадамды суды үнемдеу мен мемлекеттік бюджет шығынын қысқартуға бағытталған шара деп түсіндіреді. Экономистердің есебінше, бір адамға тәулігіне 100–120 литр су жеткілікті. 

Жаңа талап алдымен қалаларда тиімді жүзеге аспақ, өйткені ауылдық жерлерде су есептегіш құрылғылар толық орнатылмаған. 

Бұл ереже тек тұрмыстық тұтынуға қатысты болады. Ал ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындары үшін бөлек нормалар қолданылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...