Елшіліктің екі қызметкері оққа ұшты

Фото: Шедеврум

PESTEL
1075

Бірер сағат бұрын АҚШ астанасында Израиль елшілігінің қос қызметкері оққа ұшты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға Вашингтондағы Еврей музейінің кіре берісінде кешкі сағат 9 шамасында болған. Чикаго қаласының Елиас Родригес есімді 30 жастағы тұрғыны музей алдында біраз уақыт торуылдап, Израиль азаматтары ғимарат есігінен шыға бергенде оларға оқ жаудырған. Әзірге қылмыстың себептері ашық жарияланбады. Оқиға орнында федералды тергеу бюросы мен Вашингтонның қалалық полициясы жұмыс істеп жатыр.

"Қазір синагогалар мен еврей қауымдастығына қарасты ұйымдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді", – деді қала мэрі.

"Мен президент Дональд Трамппен осы кеште бірнеше рет телефон арқылы сөйлестім. Ол қайғыларыңызға ортақ екенін  жеткізді. Мемлекеттік, жергілікті және федералды құзырлы органдар, білікті прокурор Джанин Пиро мәселені толықтай бақылауына алады. Барша азаматтарымыздың амандығы үшін, әсіресе бүгін түнде еврей қауымының қауіпсіздігі үшін қолдан келгенін жасаймыз. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, заңның барлық талаптары бойынша жауапқа тартылады", - деді АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...