13 адамды өлтірген қылмыскерді ату жазасы бүкіл елге көрсетілуі мүмкін

Фото: Associated Press

PESTEL
164

АҚШ Қорғаныс министрлігі 13 адамның өліміне кінәлі деп танылған бұрынғы әскери психиатр Нидал Хасанның өлім жазасын тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Өлім жазасын 3 желтоқсанда Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасында орындау жоспарланған. Сотталған азамат ату жазасына кесілмек. Бұл АҚШ әскерінде 1945 жылдан бергі осындай алғашқы жағдай болуы мүмкін.

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет өлім жазасын тікелей эфирде көрсету жоспарын растаған. Оның айтуынша, қоғам мұндай қылмыстардың ауыр салдары болатынын түсінуі керек. Ал президент Дональд Трамп өлім жазасын орындау туралы шешімді мақұлдаған.

Айта кетейік, Нидал Хасан 2009 жылы Форт-Худ әскери базасында оқ жаудырып, 13 адамды өлтірген. Тағы ондаған адам жарақат алған. 2013 жылы әскери сот оны кінәлі деп танып, өлім жазасына кескен.

Егер жоспар жүзеге асса, бұл АҚШ тарихында өлім жазасының тікелей эфирде көрсетілуіне қатысты бұрын-соңды болмаған оқиға болуы мүмкін. Алайда трансляцияның нақты қалай ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 10–14 қазан аралығында халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты бірқатар көш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 37 жастағы Гүлжанат Құлмұрзинаның шағымынан кейін жеке стоматологиялық клиникада тексеріс...