Ұлын құтқармақ болған әйел баласымен бірге терезеден құлап, көз жұмды

Фото: РЕН ТВ

PESTEL
621

Мәскеу облысының Раменское қаласында үш жасар бала ойнап жүріп, терезе алдына шығып алған соң тепе-теңдігін жоғалтып алған. Баланың анасы айқайлаған дауысты естіп, ұлын құтқаруға ұмтылған. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол да баласымен бірге құлап кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан анасы мен баласы оқиға орнында көз жұмған.

Басылым мәліметінше, отбасы бұл пәтерді шамамен бір жыл бойы жалдап тұрған. Көршілері оларды сабырлы әрі үлгілі отбасы ретінде сипаттаған.

Марқұм әйел сторисмейкер болып жұмыс істеген, ал жұбайы такси қызметімен қосымша табыс тапқан. Ер адам қайғылы оқиға туралы кейінірек білген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...