Flydubai оқиғасы: Жолаушы болған адам ұшақты құтқаруға қалай көмектескенін айтып берді

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

PESTEL
447

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған flydubai рейсінің жолаушысы Янив Хаюн экипаж командиріне жасалған шабуылдан кейін екінші пилотты қалай құрықтауға көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.   

Оқиғадан кейін ер адам Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті. Кездесуде жолаушының үстінде қан жұққан футболка болды.

The Times of Israel басылымының жазуынша, Янив Хаюн ұшақ кенет биіктігін жоғалта бастағанда бір сұмдық болып жатқанын түсінген. Екі минутқа жетпейтін уақыт ішінде әуе кемесі шамамен 5,2 мың метрге төмендеген. 

"Біреу айғайлай бастады, жарық сөнді", - деді жолаушы Нетаньяху жариялаған видеода.

Хаюн басқа жолаушылармен бірге пилоттар кабинасына кіруге тырысқан.

"Мен кіргенде екі орындықтың арасындағы құрал-саймандар панелі қасында шабуылдаушыны көрдім. Пилоттардың орнында ешкім болмады. Біреуі еденде жатты, екіншісі панельдің қасында болды", - деп нақтылады жолаушы.

Ер адамның айтуынша, ол екінші пилотты ұстап алып, қылқындыру әдісін қолданып, оны кабинадан сүйреп шығарған. Содан кейін басқа жолаушылар ер адамды еденде ұстап тұруға көмектескен.

Сондай-ақ Хаюн шабуылдаушы кабинадағы жабдықтарды зақымдамақ болғанын айтты.

"Ол ұшақты істен шығару үшін аспаптарды қиратуға тырысты", - деді ол.

Бір сәтте Хаюн штурвалды өзіне қарай тартқан.

"Сіз штурвалды тарттыңыз ба?" - деп қайта сұрады Нетаньяху.

"Мен "Әуе апаттарын тергеу" бағдарламасын көремін. Ұшақ түзеле бастады, содан кейін пилот маған басқаруды өз қолына алатынын айтты", - деп жауап берді Хаюн. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...