Екі адам көз жұмды: Гирокоптер тау арасындағы аспалы жолмен соғылып, апат болды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
149

Италияның солтүстігіндегі Антрона аңғарында гирокоптердің апатқа ұшырауынан екі адам қаза тапты. Әуе кемесі жұмыс істемей тұрған аспалы жолдың тростарына соғылып, өртенгеннен кейін тік беткейге құлаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға бөгетке жақын маңда болған. Апат салдарынан 62 жастағы ұшқыш пен 63 жастағы әйел көз жұмды.

Оқиғаның куәсі болған жергілікті қала мэрі Франко Борсоттидің айтуынша, ол аспанда отты шарға ұқсас нысанды көрген. Осыдан кейін гирокоптердің апатқа ұшырағаны белгілі болған.

Мэрдің сөзінше, аталған аспалы жол бұл аумақта көп жылдан бері бар. Алайда ұшқыш пайдаланған навигациялық карталарда оның көрсетілмеуі мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Сонымен қатар, апат болған аумақтағы табиғи парк шегінде әуе көліктерінің ұшуына тыйым салынғаны белгілі болды. Франко Борсоттидің мәлімдеуінше, бұл рейске тиісті рұқсат та берілмеген.

Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Оқиға бойынша тергеу басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеу катерінің жартасқа соғылуы салдарынан екі адам қаза тауып, бес ад...

PESTEL

Непалда құтқарушылар Расува ауданында болған жойқын су тасқынынан кейін үш тәулік үйінді астында жат...