Мерекеге әкелінген піл босап кетіп, салдарынан 1 адам көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
615

Үндістанның Керала штатында діни шара кезінде бақылаудан шығып кеткен піл адамдарды жарақаттаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Ангамали ауданында болған. Жануар Кидангурдағы Махавишну храмына мерекелік рәсімдерге қатысу үшін әкелінген. Бір сәтте піл шынжырынан босап шығып, аумақта бейберекет қозғала бастаған. Салдарынан тұрақта тұрған көліктерге, скутерге және инфрақұрылым нысандарына зақым келтірген, деп жазады The Sun.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Коллам қаласының 40 жастағы тұрғыны қаза тапқан. Ол оқиға кезінде жануардың жанында болып, ауыр жарақат алған. Тағы бір ер адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, піл біраз уақыт бойы агрессивті күйде болып, ешкімді маңына жолатпаған. Осыған байланысты оқиға орнына полиция, орман қызметінің мамандары және жануарларды ұстау бойынша арнайы топ шақырылған. Ақырында пілді тыныштандыратын дәрі салынған дротиктердің көмегімен қозғалыссыз күйге түсіріп, қасиетті орын маңындағы кокос пальмасына байлаған.

Қазір билік оқиғаның мән-жайын, соның ішінде пілді ұстау жағдайы мен шараның ұйымдастырылуын тексеріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Әзел Дархан есімді қыз жазба жариялап, 2025 жылғы 17 желтоқсанда жатақханада өзін екінші...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....