Гонконгта өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 25,7 мың доллар беріледі

Фото: Getty Images

PESTEL
1198

Гонконг билігі өрттен қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына арнайы өтемақы тағайындады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

South China Morning Post мәліметінше, қайтыс болған әр адамның туыстарына 200 мың гонконг доллары (шамамен 25,7 мың АҚШ доллары) және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Ал зардап шеккендердің әрқайсысы бұған дейін уәде етілген 10 мың гонконг долларынан бөлек, қосымша 50 мың гонконг доллары көлемінде (6,4 мың АҚШ доллары) жәрдемақы алады.

Бұдан өзге, әр отбасыға күнделікті мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік қызметкер бекітіліп, барлық зардап шеккендерге уақытша баспана тегін ұсынылады.

Өрт сәрсенбі күні Тай По ауданындағы Wang Fuk Court деп аталатын сегіз мұнаралы тұрғын үй кешенінде басталған. Құрылысшылар орнатқан бамбук қаңқалары жалынның жеті ғимаратқа тез таралуына себеп болған. Бір ғана үй зардапсыз қалған. Кешенде шамамен 2 мың пәтер бар, онда 4 мыңға жуық адам тұрады.

Осы оқиғаға байланысты Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз комиссиясы тергеу жүргізіп, бұған дейін сегіз адамды ұстағанын хабарлаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...