Песков Украинаны қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге кедергі келтіріп отыр деп айыптады

Фото: ТАСС

PESTEL
1093

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украина билігінің саяси-дипломатиялық шешімнен бас тартуы мен Еуропа елдерінің арандатушылығы салдарынан қақтығысты реттеу процесі тоқтап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол бұл пікірін АҚШ-тың арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың “тараптар арасындағы сенімнің жоқтығы келіссөздерді қиындатады” деген мәлімдемесіне жауап ретінде айтты. 

«Қазір бейбіт реттеу жолындағы басты бөгет – Киевтің келіссөз үстеліне отырудан бас тартуы және еуропалық елдердің оны соғысты жалғастыруға итермелеуі. Мұның салдарынан жағдай Украинаның өзіне де күн сайын қиындап барады», – деді Песков.

Сонымен қатар ол Ресей мен Украина арасында сенімнің мүлде жоқ екенін атап өтті.

«Қазір өзара сенім туралы айтудың өзі орынсыз. Бұл сенімнің жетіспеушілігі емес, оның түбегейлі болмауы», – деді Кремль өкілі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаза тапқан Нұрай Серікбайдың жақындары күдіктінің туыстарын да қылмыстық жауапкершілікке тартуды та...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға бойынша 1...