Иран әскері Ормуз бұғазындағы екі кемені басып алды

Фото: depositphotos.com

PESTEL
730

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазы маңында рұқсатсыз өткен екі контейнерлік кемені ұстап алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Press TV телеарнасына сілтеме жасап. 

КСИР мәліметінше, ұсталған кемелер – MSC Francesca және Epaminondas. Әскери құрылымның айтуынша, Epaminondas кемесі АҚШ әскери күштерімен байланыста болуы мүмкін, ал MSC Francesca Израильмен байланысты деп күдікке ілінген.

Телеарна хабарлауынша, аталған кемелер тексеру жүргізу үшін Иранның аумақтық суларына жеткізіледі. Онда жүктің сипаты мен құжаттары жан-жақты қаралады.

Epaminondas кемесі Либерия туы астында жүзіп, Үндістандағы Мундра портына бағыт алғаны айтылды. Сондай-ақ КСИР дерегінше, бұл кеме 2024-2026 жылдар аралығында АҚШ-тың 11 портында 36 рет аялдап, шамамен 299 мың тонна жүк түсірген.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің шамамен 20 пайызы өтетін стратегиялық маңызды аймақ. 13 сәуірден бастап АҚШ теңіз күштері бұл аймақтағы теңіз қозғалысына бақылауды күшейткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...