Бүгін талапкерлер грантының тізімі шығады

Фото: syrboyi.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1039

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап.  

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

«Әрі қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», - деп жазды министр өзінің Telegram парақшасында.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі мына дереккөздерде жарияланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Жер асты дүмпулері Бангла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы жер сілкінісіне байланысты қазақстандықтардан ешқа...